Мәулен Әшімбаев:Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті
Мәулен Әшімбаев:Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында болған өрттен бес баланың қаза табуына байланысты фейсбуктегі парағында көңіл айтты.
Онда былай делінген: Сәбилердің ата-аналары мен жақындарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жамбыл облысының Жаңатас қаласында тілсіз жаудың салдарынан болған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті.
Қаза болған сәбилердің ата-аналары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Қайғы бөліссе азаяды. Сондықтан дәл қазір бес бірдей бүлдіршінінен қапыда айырылған ата-анаға демеу болып, қолдау көрсетудің маңызы зор.
Балалардың жандары жәннатта болсын.