Мәулен Әшімбаев:Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті

Мәулен Әшімбаев:Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті

Мәулен Әшімбаев:Бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында болған өрттен бес баланың қаза табуына байланысты фейсбуктегі парағында көңіл айтты. Онда былай делінген: Сәбилердің ата-аналары мен жақындарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жамбыл облысының Жаңатас қаласында тілсіз жаудың салдарынан болған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті. Қаза болған сәбилердің ата-аналары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қайғы бөліссе азаяды. Сондықтан дәл қазір бес бірдей бүлдіршінінен қапыда айырылған ата-анаға демеу болып, қолдау көрсетудің маңызы зор. Балалардың жандары жәннатта болсын.