Президенттің атынан жалған аккаунт ашқан кім?
19 ақпан, 2021 /
Бектемір Балықбай
Президенттің атынан жалған аккаунт ашқан кім?
Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді" – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктағы парақшасында.