Таразда дүлей дауыл былтыр ғана пайдалануға берілген көппәтерлі үйдің шатырын жұлып әкетті

Таразда дүлей дауыл 5 қабатты үйдің шатырын жұлып әкетті. Шатыр 300 метр жерге дейін ұшып, көрші үйдің ауласына түскен.

Былтыр ғана пайдалануға берілген үйдің 3 бірдей балконы қирап, 4 жеңіл көлікке зақым келген. Одан бөлек 1968 жылы салынған ескі үйдің де шатыры ұшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде кешеден бері қатты жел соғып тұр. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Ертең де күннің райы құбылмалы болады деген болжам бар.

 

Back to top button