Оралда полиция майоры 70 мың теңге пара алу кезінде ұсталды

Оралда полиция майоры 70 мың теңге пара алу кезінде ұсталды

Оралда полиция майоры 70 мың теңге пара алу кезінде ұсталды
ашық дереккөзі
Оралда полиция қызметкері пара алу үстінде ұсталды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, Орал қаласындағы жедел басқару орталығының қызметкері, полиция майоры 11 ақпан күні қолға түскен. Оны департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 70 мың теңге пара алу кезінде ұстаған. «Қазіргі кезде іс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді. Басқа ақпарат жария етілмейді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.