Жаңалықтар

Дүкеннен кәмпит ұрлап, сүйіктісіне сыйламақ болған жігіт қоғамдық жұмыстарға жегілді

ашық дереккөзі

Дүкеннен кәмпит ұрлап, сүйіктісіне сыйламақ болған жігіт қоғамдық жұмыстарға жегілді

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Raffaello тәттілерін ұрлаған, енді ол қоғамдық жұмыстарға тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ер адам дүкеннен Raffaello тәттілерін ұрлап, сүйіктісіне сыйламақ болған. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында ұрлық жасады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен Қылмыстық кодекстің 187-бабының 1-бөлігі бойынша азамат кінәлі деп танылды. Ер адамға 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды. Бүгінде айыпталушы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінде қар күреумен айналысып жатыр. «Қоғамдық жұмыстар жазаның тиімді түрлерінің біріне жатады, онда сотталған адамның құқықтары ең төменгі дәрежеде шектеледі. Осылайша, сотталған адам қоғамнан оқшауланбайды, жұмыс немесе оқу орнын шықпайды, оның отбасы мүшелерімен байланысы үзілмейді, ол қаржылық ауыртпалықты көтермейді, демек, отбасы бюджетіне қаржылық жүктеме жоқ. Екінші жағынан, сотталған адам қоғамдық жұмыстарды тегін орындайды, оған еңбек өтілі есептелмейді, демалыс күндері немесе еңбек демалысы кезінде жазасын өтеуі керек, ең бастысы, ол бұл жұмыстарды өзінің заңсыз, қылмыстық әрекеттері үшін атқаратынын түсінеді», – деді өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Қосжанов.