Әлия Назарбаева ел тұрғындарына бейнеүндеу жолдады (видео)

Әлия Назарбаева ел тұрғындарына бейнеүндеу жолдады (видео)

Әлия Назарбаева ел тұрғындарына бейнеүндеу жолдады (видео)
ашық дереккөзі
"Жандану әлемі" қайырымдылық қорының және Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының негізін қалаушы Әлия Назарбаева ADAM BOL AWARDS марапатын тағайындау қарсаңында Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдады. Бейнеүндеу қоғам қайраткерінің Facebook парақшасында жарияланды. "Құрметті достар! ADAM BOL AWARDS-қа дауыс беру аяқталуға жақын. Ертең, 20 ақпанда, ерлік көрсеткені үшін туыстары, достары мен көршілері ғана бұған дейін алғыс айтып келген еліміздің қаһармандарының есімдерін барлығымыз білетін боламыз, енді бүкіл ел оларға алғыс айта алады. 2021 жылы 1 наурызда Алматыда ADAM BOL AWARDS батырларын құрметтеу және марапаттау рәсімі өтеді. Біз сондай-ақ сарапшылармен және біздің командамен бірге лауреаттармен сөйлесуді, олардың әңгімелерін достық атмосферада тыңдауды және бәрімен алғыс айта отырып, қол алысуды жоспарлап отырмыз. Барлығына сәттілік тілеймін!", - деп жазған Әлия Назарбаева. Өз бейнеүндеуінде Әлия Назарбаева елімізде ержүрек, мейірімді әрі қашан да көмекке әзір жандар көп екенін айтып, бұл жүлденің берілуін қазақстандықтар қуана қолдағанын жеткізді.