Жаңалықтар

«Nur Otan» оңтүстік өңірге арналған сайлауалды уәделерді орындаудың арнайы индикаторларын әзірледі

ашық дереккөзі

«Nur Otan» оңтүстік өңірге арналған сайлауалды уәделерді орындаудың арнайы индикаторларын әзірледі

«Nur Otan» сайлаудан кейін небәрі бір ай ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әр жылға нақты көрсеткіштері бар Жол карталарын әзірледі. Еліміздің оңтүстік өңірінің тұрғындары үшін атқарылатын істер туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында әрбір өңірде, қала мен ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер белгіленіп, сондай-ақ оған жауапты орындаушылар айқындалды. Мәселен, Жамбыл облысында алдағы 5 жылда 986 көрсеткіш пен 102 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы сайлауалды бағдарлама 19,3%-ға, 2022 жылы – 39%-ға, 2023 жылы – 58,9%-ға, 2024 жылы – 79%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалады. Биылдың өзінде 1221 км автожолдың 295 шақырымы, 697 км сумен жабдықтау желісінің 266 шақырымы жөнделіп, салынады. 107 елді мекеннің 20-сы газбен қамтамасыз етіледі. 2022 жылы 11 ауылда, ал 2023 жылы тағы 25 елді мекенде ауыз суды тазартуға арналған ұңғымалар орнатылады. Келесі жылдың соңына дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу/жағу зауытын салу жоспарлануда. 5 жыл ішінде 84 мың жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында 1623 көрсеткіш пен 7497 іс-шараны орындау жоспарланған. 2021 жылы өңірлік сайлауалды бағдарлама 20,4%-ға, 2022 жылы – 40,7%-ға, 2023 жылы – 61,3%-ға, 2024 жылы – 81%-ға және 2025 жылы толығымен іске асырылады. Осы жылдың соңына дейін 21 379 пәтердің 6,2 мыңнан астамы, 111 медициналық нысанның 13-і, 266 мектептің 85-і, 236 спорт нысанының 50-і салынады. Жалпы, 40 мың жұмыс орнын, 152 жаңа кәсіпорын ашу және кеңейту, 214 жаңа туристік нысан салу және т.б. жоспарланған. Қызылорда облысында Жол картасы аясында 611 көрсеткіш пен 1776 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы партия бағдарламасы 21,7%-ға, 2022 жылы – 42,1%-ға, 2023 жылы – 61,9%-ға, 2024 жылы – 79,5%-ға және 2025 жылы 100%-ға іске асырылады. Биыл 1128 км автожолдың 396 шақырымын, 503 км сумен жабдықтаудың 29 шақырымын, 382 км газбен жабдықтаудың 123 шақырымын салу және реконструкциялау жоспарлануда. 5 жыл ішінде 67 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ету, 100 жаңа туристік нысан салу көзделіп отыр. Алматы облысында 1910 көрсеткіш пен 6256 іс-шара бекітілген. 2021 жылы сайлауалды бағдарлама 20,1%-ға, 2022 жылы – 40,4%-ға, 2023 жылы – 61,2%-ға, 2024 жылы – 80,6%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалады. Биыл 72 медициналық нысанның 20-сы, 81 мектептің 10-ы, жастарға арналған 8 жатақхананың 3-еуі, 65 мәдениет нысанының 4-еуі, 18 спорт нысанының 2-еуі салынады. 2025 жылға дейін 134 мың жұмыс орны ашылады. 188,7 км жергілікті маңызы бар автожолдар, 11,9 км жылумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланады, 99 елді мекенде газ тарату желілері салынады және т. б. Барлық сайлауалды уәделермен nurotan.kz және nurotan2021.kz.сайттарынан танысуға болады.