Оқтаулы қару тауып алған бала абайсызда анасын өлтірді

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында оқталған тапаншаны тауып алған бала абайсызда анасын өлтірді. Бұл туралы Корнелиус қалалық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында айтылған, деп жазады Lenta.ru.

Полиция 25 жастағы Габриэла Хендерсонның үйіне дүйсенбі, 15 ақпанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де келді. Бес баласы бар әйел жатын бөлмесінде өлі табылды. Мәйіттің жанындағы төсекте өздігінен оқталатын кішкентай тапанша жатты.

Хендерсонның кіші баласы да жарақат алды. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.

Оқиға кезінде Хендерсон мен оның бес баласынан басқа үйде ешкім болмаған. Үлкен баласы қонақ бөлмесінде болған. Болжам бойынша, балалар қаруды анасының сөмкесінен алған.

 

Back to top button