Жаңалықтар

Елордадан Шымкентке бағыт алған ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды

ашық дереккөзі

Елордадан Шымкентке бағыт алған ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. «19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ.