Елордадан Шымкентке бағыт алған ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды

Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды.

Ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

«19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Back to top button