Жаңалықтар

Ақмола облысында биыл 37 мектеп салынады – «Nur Otan»

ашық дереккөзі

Ақмола облысында биыл 37 мектеп салынады – «Nur Otan»

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының Саяси Бюро кеңесінің отырысында облыстық филиалдың сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды. Облыстық филиалдың төрағасы, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев атап өткендей, бекітуге ұсынылған жол картасы бұған дейін фракция отырысында талқыланған, ал алдағы бес жылда ол басқарушы партия депутаттары мен жергілікті атқарушы органдарының бірлескен жұмысының басты құжаты болмақ. «Облыстың, аудандардың, қалалардың жол карталарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары тартылатын болады. Тоқсан сайын іс-шаралар жоспарын орындау үшін оларға бекітілген нақты индикаторлар туралы уәкілетті органдар мен фракциялардың депутаттарының есептері тыңдалады. Депутаттар алдында тұрған негізгі міндеттер бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бақылауға қатысты», - деп атап өтті аймақ басшысы. Отырыс барысында «Болашақ» сарайының директоры Айнагүл Балташева, «Жас Отан» ЖҚ Ақмола филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев және Шортанды ауданының жеке кәсіпкері Ирина Жукова сөз алды. Спикерлер ұсынылып отырған Жол картасының жобасы - бұл аймақтың әлеуметтік дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты жұмыс жоспары екендігіне баса назар аударып, Жол картасын бірауыздан бекітуді ұсынды. Ақмола облысында алдағы 5 жылда 1948 көрсеткіш пен 5175 іс-шараны орындау көзделген. 2021 жылы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 16,4% ға, 2022 жылы – 38,3%-ға, 2023 жылы – 59,9%-ға, 2024 жылы – 80,3%-ға және 2025 жылы 100%-ға орындалатын болады.