Коронавирус: "Қызыл" аймақтар бір ғана облыс қалды

Коронавирус: "Қызыл" аймақтар бір ғана облыс қалды

Коронавирус: "Қызыл" аймақтар бір ғана облыс қалды
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі 19 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 19 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған. Ол – Павлодар облысы. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр. Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмыс істеуіне рұқсат берілді.