Екі күн бойы қар астында жатқан ер адам тірі қалды

Сахалинде қар көшкінінен кейін жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Бұл туралы  Sakhalin.info хабарлады. 

Автогрейдер жүргізушісі екі күнді қар астында өткізді. Дрон жоғалған адамды таба алмады, тек қарды тазарту кезінде құтқарушылар грейдерді аршып алды. Ер адам көлік ішінде болған. Оның айтуынша, қар асты жылы болыпты. Шыршалардың көмегімен от жағып, жан сауғалаған көрінеді.

Құтқарылған азамат өзін жақсы сезінеді, оған медициналық көмек қажет болмады.

Сейсенбі, 16 ақпанда таңертең ер адам екі елді мекен арасындағы өткелді тазартуға кеткен. Осыдан кейін ол жоғалып кетті және екі күн бойы байланысқа шықпады. Жергілікті тұрғындар оны іздеуге тырысқанымен, қатты боран кедергі келтірген.

Back to top button