Әлемдегі ең қымбат төбет 16 млн теңгеге сатылды

Ұлыбританияның Долгелла қаласынан шыққан бордер-колли тұқымдас бір жасар ит әлемдегі ең қымбат төбет ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері Ким есімді бордер-колли аукционда 38,8 мың долларға (16 млн теңгеде астам) сатылғанын мәлімдеді. Ит Farmers Marts аукциондық үйі ұйымдастырған онлайн сауда кезінде сатылған.

Төбетті өсірген шаруа Дьюл Дженкинстің айтуынша, Кимнің даму деңгейі үш жасар төбеттікімен бірдей. «Ол бәрін істеді. Ірі қара мен қой бақты, кез келген сынаққа және фермадағы жұмысқа дайын болды», — дейді Дженкинс.

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айында Хенна есімді төбет 26 мың доллар (10,8 млн теңгеге) сатылған еді. Сәйкесінше, бұл сол кездегі рекордты баға болатын.

Back to top button