Жаңалықтар

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 19-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігіне оңтүстік Каспий циклоны ықпал етіп, күн құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады. Солтүстікте қалың қар, оңтүстікте жаңбыр мол көлемде жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан күшті болады. Сондай-ақ кей жерлерге тұман түсіп, күндіз Түркістан облысының кей бірқатар бөлігінде көктайғақ болады. Қостанай облысының басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, кей жерлерде желдің күші секундына 25 метрге дейін жетеді. Күндіз өңірдің бірқатар бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетсе, кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Ақмола облысының басым бөлігінде жел түнде секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз облыстың кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде желдың күші секундына 15-20 метрге етеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Тағы бір бөлігінде бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түсіп, Павлодар облысында көктайғақ болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.