Атырауда әлем чемпионының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Атырауда әлем чемпионының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Атырауда әлем чемпионының өліміне қатысты істің мән-жайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Атырауда грепплингтен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовтың өліміне қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды "Ақ жайық". Сотталушылар орындығында Атырау облысы полиция департаментінің бұрынғы екі қызметкері, Кісі өлімінен кейін полиция департаменті күдіктілер ешқашан полицияда жұмыс істемеді деп мәлімдеген болатын. Атыраулық спорт жұлдызы Есенбек Сиғуатов өткен жылдың 9 тамызына қараған түні қала маңындағы Амангелді (Дамба) және Құрманғазы ауылдарының жасөспірімдері мен ересек жігіттер арасындағы қақтығыс кезінде атыс қаруынан қаза тапты. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, 8 тамызда қала маңындағы Амангелді ауылында тұратын төрт жасөспірім көрші Құрманғазы ауылының дүкеніне барған. Дүкеннің жанында тұрған жергілікті бұзақылар бұрыннан келе жатқан қақтығысты еске алып, келушілерді ұрады. Олар Амангелдідегі ересек жігіттерден көмек сұрайды. Ашуға мінген екі ауылдың жастары түнгі сағат 2 шамасында Құрманғазы мен Амангелді арасында орналасқан біліктің жанында өзара мықтыны анықтау үшін жиналады. Бұл ретте 26 жастағы күдікті өзімен бірге 12 калибрлі аңшылық мылтық алып шыққан. Ол бірінші рет әуеге, ал екінші рет Амангелді жастарына оқ атқан. Оқ Есенбектің жүрегіне тиген. Әлем чемпионы сол жерде қайтыс болды. Осыдан кейін төбелеске жиналғандар тегіс қашып кеткен, ал екінші күдікті мылтықты өзенге лақтырып жіберген. Қару табылған жоқ. Осы жылдың қаңтар айының соңында тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Күдіктілердің бірі, екі баланың әкесі, 23 жастағы жігітке ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылса,  26-жастағы екінші күдікті 432-бап, "Қылмысты жасырып қалу" бойынша айыпталуда. Белгілі болғандай, екінші күдікті 2017 жылдың мамыр айынан бастап су полициясының кезекші бөлімінде жұмыс істеген, ал бірінші күдікті өткен жылдың 30 сәуірінен бастап сол жерде полиция көлігін жүргізген. Екеуі де 10 тамызда, яғни Сиғуатовтың өлімінен кейін бір күннен соң жұмыстан босатылды.