Құндыз тон киюден бас тартқан Жазира Байырбекова сынға ұшырады
Құндыз тон киюден бас тартқан Жазира Байырбекова сынға ұшырады
Қинап өлтірілген аңдардың терісінен тігілген тондардан бас тартатынын айтқан белгілі әнші Жазира Байырбекованы желідегі жұрт сынға алды.
Өз жазбасында айтқысы келген ойын дұрыс түсінбегендерге әнші Instagram желісінде жауап берді. Өнер иесі ешкімді тон киюден бас тартуға шақырмағанын, тіпті аң терісінен тон киюді жалғастыра беретіндерді кінәламайтынын жеткізді. Бұған дейін өзі де түрлі тон киіп, оны жарнамалағанын жоққа шығармаған Жазира Байырбекова бұдан былай қинап өлтірілген аңдардың терісінен қымбат тон киюді тоқтататынын айтты.
“Терісін тірідей сыпырып, жанын қинап жасайтын құндыз (норка) енді кимеймін, сатып та алмаймын, жарнама да жасамаймын, ешкімге сыйламаймын. Аңдарды қинауға үлес қосқым келмейді” деген сөздерімді түсінбей жатқандарды түсінбеймін. Бұған дейін дейін кидім, сыйладым, жарнама жасадым, сатып та алдым. ”Бұдан былай” деген сөз түсінікті сөз деп ойлаймын.
Бірақ киіп жүргендерді кіналамаймын, ешкімге киме деп айтпаймын. Адалынан атып немесе бауыздап, қинамай терісін алатын киімдер де бар ғой. Мүлдем аңның терісінен бас тарту емес бұл. Тон үшін кредит алып, шубаңыз жоқ болғаныңыз үшін ұялып, тон әпермегені үшін күйеуіне ренжіп, қыздың артынан тон апара алмағаны үшін келінді төмендетін, тон үшін қиналмағандарыңызды қалаймын" , - деп жазды әнші желідегі парақшасында.