«Nur Otan» партиясы елордада 5 жылда 50 мектеп салуды көздеп отыр
«Nur Otan» партиясы елордада 5 жылда 50 мектеп салуды көздеп отыр
2021 жылғы 17 ақпанда «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.
10 негізгі сын-тегеурін анықталды. Бұл қолжетімді тұрғын-үймен қамтамасыз ету; үлестік құрылыс; әлеуметтік сала; шет аймақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды дамыту; газдандыру; жолдар мен қоғамдық көлік; нөсер кәрізі мен тазарту құрылыстары; экология; қоғамдық қауіпсіздік; шағын және орта бизнесті дамыту.
«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында анықтағандай, тұрғындарды толғандыратын аталған мәселелер қала дамуының басым бағыттарына енді.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.
«Әлеуметтік салаға, яғни білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. Алдағы бес жылда 30 дәрігерлік амбулатория, жаңа көпбейінді аурухана мен перзентхана салынады.
Алдағы бес жылда халық санының өсуіне қарамастан, үш ауысымды және тығыздалған мектептерден толық арылу жоспарланып отыр. Ол үшін 50 жаңа мектеп салуды көздеп отыр.
Елорданың көптеген тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселе - қолжетімді тұрғын-үймен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын 10 мың пәтер салу жоспарлануда.
Елордамыз "шетсіз қала" болуы тиіс. Сондықтан тұрғын үй алаптарында жайлы және толыққанды өмір сүру үшін 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 км нөсер кәрізі, үш нөсер кәрізін тазарту құрылыстары кешені, бір қосалқы станция және 177 км электрмен жабдықтау желілері салынады. 500 ауланы жөндеу және абаттандыру жоспарлануда.
Сапалы жолдар мен қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі - елордадағы жайлы өмірдің маңызды құрамдас бөлігі іспеттес. Желілердегі автобустар саны артады, маршруттық желі жаңғыртылады, бұл қала тұрғындарының көпшілігіне қоғамдық көлік қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. 300 мың автоәуесқойға қолайлы жағдай жасау үшін 250-ден астам көшеге жөндеу жүргізілді.
Қазіргі уақытта қалада нөсер кәрізі желілері мен құрылыстарының жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аяқталуы - елордадағы экологиялық жағдайды жақсартады, ғимараттар мен үйлерді су басу қаупін азайтады, қаланы таза етеді.
«Пандемия экономиканың барлық салаларына айтарлықтай әсер етті, бизнесті жүргізудің әлсіз жақтарын белгілеп, жаңа шындықтарды ескере отырып, өз қызметін қайта форматтауды міндеттеді. 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда (жыл сайын орта есеппен 27 мың жаңа жұмыс орындарын ашу, гранттар, жеңілдетілген несиелер, субсидиялар бөлу және т.б.).
Жастар - біздің болашағымыз. Елордада шамамен 250 мың жастар тұрады. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұл жұмыс істейтін жастарға арналған "Елорда жастары" қалалық тұрғын үй бағдарламасын іске қосу, бизнесті дамытуға, оқуға және спортпен шұғылдануға қолдау көрсету
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бұл біздің қаламыздың 5 жылға арналған даму жоспары. Аталған жоспарлар мен уәделердің барлығын орындап, қол жеткіземіз», - деді «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Даулет Кәрібек.