Жаңалықтар

Сөз құдіреті

ашық дереккөзі

Сөз құдіреті

Қайдан оқығаным есімде жоқ, бірақ мына бір ойлы әңгіме көп жылдан бері жадымда сақталып қалып­ты. Аласапыран, қантөгіс, қырғын  соғыс жүріп жатқан кезде неміс фашизмінің қолбасшысы, Германияның фю­рері Адольф Гитлер «опасыздық жасады» деген же­леумен үш генаралын абақтыға қаматады. Тергеу біт­кесін әлгі үшеуін де Гитлердің алдына алып келіп, «бұл сат­қындардың үкімін өзіңіз шығарыңыз, жазасын өзіңіз беріңіз» дейді. Сонда фюрер: – Сатқындарды елден ерекше жа­залайық, опасыздардың әр­қай­сысын жеке-жеке, яғни бөлек ка­м­е­раға отырғызыңдар. Күні бойы ты­нымсыз классикалық музыка қойып, байлап, алдарына құбыр­дан баяу су тамшылатып, түстен кейін бұлардың камераларына бір сағат улы газ жіберіп тұрың­дар. Сонда көреміз, қайсысы улы газ­­ға қанша күнге шыдарын опа­сыз иттердің», – дейді. Әлгілерді алып кеткеннен кейін А.Гитлер үкім орындаушылардың жетекші­с­ін шақырып алып: – Менің үкімімді жаңа есті­діңіз. Улы газдың орнына кәдімгі ком­прессормен жай ауаны жібе­ріңі­з­дер. Тек, газды камераға жібе­рер­де, «Улы газды қосамыз!» деп дауыс­тап тұрыңдар. Көрейік, олар­­дың жүйкесі, шыдамы қанша күн­ге жетерін», – деп бұйрық бе­ре­ді. Көп уақыт өтпей-ақ соттал­ған генералдардың екеуінің жүй­ке­сі сыр беріп, психозға айналып, бір­неше күннен кейін бақилыққа ат­танып кетіпті. Ал үшіншісінің ден­саулығы күрт нашарлап, хал үс­тін­де болыпты (дәрігерлер оны ст­ресс дейді, ол кезде адам бойы­на адреналин гармоны мөлшер­ден тыс бөлініп, бүкіл жасуша­лар­ды орынсыз тітіркендіріп, ден­сау­лық­ты тоздырады). Бұл әңгімеден шығатын тұ­жы­­рым: жай сөзбен де адамның жү­­регіне жазылмас ауыр жара са­­лып, жүйкесін жұқартып, тоз­ды­­рып, оны өлімге жеткізуге бо­ла­­тыны. Бір сөзбен адамды өсі­руге де болады, өшіруге де болады. Мі­­не, бұл – біз көп мән бере бер­мей­­тін сөздің құдіреті, сөздің әсе­рі. Өкінішке қарай, қазір баз­бі­реу­лер айтқан сөздеріңе онша те­рең мән бере бермейді. Жастар жа­ғы салмақты, мәнерлі, ойлы, «дәм­ді» сөз айтудан қожырып, алыс­тап барады. Әзіл-қалжыңның өзі жеңіл, біреудің көңіліне ти­мей­тіндей, жүрегіне дақ түсір­мей­тіндей болуы керек. Көпшілік ор­­­­тасында немесе мінберден сөй­­легенде де әр айтқан сөзіңе ие болған жөн. «Тисе – терекке, ти­ме­се – бұтаққа» деген қағидамен жауап­сыз, бөспе сөз сөйлеу сөздің берекесін кетіріп, ертелі-кеш ұят­қа қалдырады, абыройыңды тө­ге­ді. Ел-жұрт уақыт өте келе сені «көк­­мылжың», «бөспе» деп тың­дау­дан, сыйлаудан қалады. «Мына дү­ниеде қайтып орнына келмей­тін үш нәрсе бар: атылған оқ, кет­кен уақыт, айтылған сөз», – деп отырушы еді ауылдың көзі қа­­р­ақ­ты қариялары біздің бала кезі­мізде. Оны көп кейін, қазір түсі­ніп жүрміз, бәрі рас екен. Медицинаның атасы Авицена (Ибн Сина) «Дәрігердің үш қаруы бар: біріншісі – пышақ, екіншісі – шөп, үшіншісі – сөз» деп орынды айт­қан. Жақсы сауатты, тәжі­ри­белі, инабатты дәрігер әр нау­қас­тың тілін тауып, көңіл күйін дөп ба­сып, жылы сөздермен өзіне тар­тып, оның өзіне деген сенімін арт­тырады. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп қазекем бекер айт­па­ған. Абайсызда ойланбай артық, орын­сыз айтылған сөз сырқат көңі­­ліне қаяу түсіріп, ауруын ас­қын­­дыруы әбден мүмкін. Сон­дық­тан жақсы сөз, жылы сөз дәрігер­дің емдеу ісінің бір құрамы екенін есте ұстау керек. Сөзбен адамды ем­деуге де болады, сөзбенен адам­ды «өшіруге» де болады. Кезінде орыс­тың ғалым-дәрігері Н.Петров «Дәрігер ауруға өзінің білгенін ғана бермейді, ол сонымен қатар өзі­нің жақсы ішкі сезімдерін, жү­ректегі сезімталдығын береді» де­­ген екен. Көріп отырсыздар, дәрі­гер болу – кім болса соның қо­­лынан келе бермейтін ма­ман­дық. Бұл мамандықты таңдаған, дәрігер болуды мақсат еткен жас жоғарыда келтірілген пікірлерге дайын болуы тиіс. Әйтпесе, ертең өкініп, өмірін тәлкек етеді. Біле-білсек әдемі, жатық, ше­бер, орынды сөз сөйлеу де үлкен өнер. Ол үшін көп оқып, шаршап-шалдықпай ізденіп, өмірді көрген, түй­гені мол «кеуделері алтын сан­дық» жандардың айтқан сөз­дері­не, ой-пікірлеріне, ұстаным­дары­на құлақ асып, жүрекке, са­наға тоқи білгеніміз жөн. Кезінде «Ше­шендік сөздер», «Ел аузынан», «Б­абалар сөзі» және т.б. құнды, та­ғылымы мол кітаптар баспа­лар­дан жарыса шығып жататын. Олар­ды оқыған адам өз игілігіне жа­ратып, сөз байлығын едәуір байы­тып, орынды жерде оларды әдемі пайдаланатын, әңгімелерін со­лармен «тұздықтайтын». Қазір ол үрдіс бұлыңғырланып, там-тұм­­дап жоғалып барады. Оған қо­­са қазіргі жастар газет-жур­нал­дар­ға, кітаптарға көп үңіле бер­мей­ді. Бірте-бірте қандай жаңа кі­таптардың шығып жатқанына мән бермей, ақын-жазушылардың есім­дерін білмей, ұмытып барады. Бә­рінің уақыттары тапшы, істе­рі­не үлгермей, қара терге малынып асы­ғып-аптығып бас пайдасын із­деп, дүние қуып жүргені. Қай­ран, мейірімсіз заман, елпілдетіп-жел­пілдетіп, жүрегімізді аузы­мыз­ға тығып, қайда алып барасың?! Ке­лер күндерде не күтіп тұр біз­дер­ді? Реті келгеннен кейін бір сәт мы­на әңгімеге көңіл аударайық. «Абай бірде әкесі Құнанбайға сә­лем бере барып, бірер күн қа­сында аялдапты. Құнекең қажы­лық­тан оралғаннан кейін. Бұрын­ғыдай көп әңгімеге зауқы соқпай­тын көрінеді. Бір кітапты алады да, аздап оқып, артынша ұзақ ой­­­ланып қалатын көрінеді және әл­гі көрініс бірнеше рет қайтала­нып­ты. Сұрайын десе, ретін тап­пай­ды. Сәлден кейін жол жүретін кезі жақындайды. Сөз айтылмай, жабулы қазан сол күйінде қалып қояр ма еді, егер дана Құнанбай ба­­ла­сының көкейінде бір сауал ке­тіп бара жатқанын аңғармаған­да. – Балам, – дейді әкесі, – бір нәр­­­сеге оқталдың ғой. Оқталдың да, тоқтадың. Соншалықты бап­тай­тындай не мәселе? – Келгелі байқағаным, сіз ана бір кітапқа үңілесіз де, сәлден кейін ойға шомасыз. Не оқып жат­қаныңызды түсінбей, соны сұ­ра­ғым келген... – Е, ол тариқат қой. – Әке, мен сізді ақиқатқа әл­де­қа­шан жетті ме деп ойлағам, – деп­ті Абай. Жетпіс екі жасында қажылық­қа барып, одан келген соң, қалған өмірін дін жолында  құл­шы­лық­пен өткізген Құнанбайдың ақи­қат­қа жеткеніне толық сенімді бол­мауы Абайды ойлантып таста­ға­ны анық. «Енді дүние сөзін сөй­ле­меймін», – деп, ешкімге тіл қат­пай қойғаны, оңаша үйде, шы­мылдықтың ішінде жалғыз оты­рып, Құдайға құлшылық қылғаны та­рихта жазылды. «Тариқат – ол тақуалық және Алла Тағалаға жақындататын амал­дар. Ақиқат мақсатқа жету жә­не ұлық нұрды көру. Намаз ішін­дегі қызмет Аллаға жақын­дық. Қызмет шариғатта, Аллаға жа­қындық тариқатта, ал жетістік ақи­қатта», – деп түсіндіреді  дін ғұл­малары. Орынды айтылған сөзге не әжуаңыз бар? «Ақ көңілдің белгісі – расын айтып, ыржиған. Пітнә көңіл белгісі – құпия сөйлеп, құн­жи­ған» демей ме Қашаған Күр­ші­манұлы? «Турасын айтып, туыс­қа­ныңа жақпайсың» деген қазақтың тағы бір сөзі бар. Қазіргі адам­дар­дың мінез-құлқы, психологиясы, қа­зіргіше менталитеті мүлдем өз­герді. Өтірік айту, дәйексіз есеп беру, жағымпазданып жалған сөй­леу, құр негізсіз бірімізді-біріміз мақ­тау өміріміздің ажырамас сері­гіне айналып, тіпті қанымызға сіңіп кеткендей үйреншікті әдет­ке айналды десек қателеспейміз. Мы­салы, тойға барғанда той ие­сіне арнап айтылып жатқан ті­лек­терге құлақ түріңізші, жарыса мақ­тағанда оны айға жеткізіп, көңі­лін көкке көтеріп, құды бір аса керемет, данышпан, аса қа­сиет­ті, қайталанбас тұлғаға ай­нал­дырып жібереді-ау сабазда­рың. Мақтағанның да жөні, реті бар емес пе? Мақтауды той иесі дұ­рыс қабылдаса жақсы, ал ой-ұж­даны, санасы таяздау кісі, «шы­нында да мен сондай ғажап, кере­мет адам екенмін ғой» деп көзі тұ­манданып, басы айналып, кеу­десі кере қарыс болып, даң­дай­сып, жан-жақтағылардың орт­а­сын­да аспандап кетпей ме? Құдай сондайлардан сақтасын. Қазір сөзге тұратын, тоқтай­тын халық жоқ, әсіресе билікке қол ­жеткізген қарадүрсін, санасыз мансапқор адам. Бәрі өзін ақыл­ды, оқымысты, білімді санайды (тіп­ті, өкініштісі, базбір бас­тық­сы­мақтар өздерін парасаттымын, да­нышпанмын деп есептейді). Бір­деңе деп ой қоссаң: «Мені ақы­мақ санайсың ба? Өзім білемін не іс­теуді, не айтуды...» деп қызарақ­тап, ер-тоқымы ауған асау тайдай тулап, дүрсе жауап береді немесе тіп­ті, жасыңызға, ағарған ба­сыңы­з­­ға қарамай көзін алартып, әкі­реңдейді, сөйтіп көпшіліктің ал­дында өзіңді ұятқа қалдырады. «Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылд­ының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулық жоқ­тығынан азады», – дейді ха­кім Абай. Заман солай болды ма, қазір әр­кім өз білгенін, өз ойын мінбер­ден, жиындарда, көпшілік алдын­да ашықтан-ашық айта бермейді, «ке­сірі тиіп кетер» деген ойдан ары­ла алмай, бозөкпе болып, «бет­пердесін» түсірмей, бүркеніп жү­ріп, күңкіл-сүңкілмен тіршілік ете­тіндерді көргенде қаным ба­сы­ма шабады, әлгінің бейшара кү­ніне қарап қараптан-қарап оты­рып намыстанасын. Оларды кө­ріп жаның ашиды, жүрегің мұз­дай­ды. Қазақтың әлгі «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ» деген ма­қалы сонда кімге бағышталған? Не­ге олар солай болды екен? Сон­дай­дардың кесірінен бүгінгі қоғам қатыгезденіп, мейірімсіз­де­ніп, барынша бүлініп, тіпті іріп-шіріп бара жатқан жоқ па? Жалған сөйлеу, екіжүзділікке са­лыну, орынсыз жалпақтау да дәл қазір желдей есіп тұр. Мысал үшін алысқа бармай-ақ, бір сәт әлеу­меттік желіге қосылыңызшы. Қан­дай ақпарат жоқ онда: белгілі тірі адамды өлтіріп, көрнекті «жұлдыз иелерін» ажырастырып, басы бостардың басын қосып, бі­реу­лерді үйлендіріп жатқан ара­ның ұясындай гу-гу еткен ешкімге ке­рек емес қызу талқы, фейк ақ­па­рат. Кімге сенеріңді білмей, жұ­ды­рықтай басың шарадай бо­ла­ды. «Сөз бас жарады. Бас жармаса тас жарады», – дейді қазақ. Сөз қа­дірін білетін саналы жанға бұл да бір сабақ. Артық сөйлеуден абай болып, орынсыз айтылған құр­ғақ сөздерден барынша ары­лайық. Сондықтан, қырық құбыл­ған мына бүгінгі заманда сөздің қа­­дірін кетірмей, тұшымды, орын­­ды, нұсқа, сабырлы сөйлеп, әр сөзіміздің астарлы мәнін терең ұғы­нып отырайық, ағайын!

Сағындық ОРДАБЕКОВ,

медицина ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі