Елордада 78 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Елордада 78 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Елордада 78 жастағы зейнеткерді ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері із кесу арқылы ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі. Қылмыс туралы полицейлерге 78 жастағы зейнеткер хабарлады. Оның айтуынша, түс кезінде ол Бейсекова көшесі бойымен үйіне келе жатқан. Сол кезде жас жігіт жақындап, қай жерден түстеніп алуға болатынын сұрайды. Ештеңеден күдіктенбеген қария жолды түсіндіре бастағанда, жігіт оны жұдырықпен ұрып жіберген. Ұры күш көрсетіп, ақшасы, құжаты мен екі ұялы телефон салынған сөмкесін ұрлап, қашып кеткен. Гараждар маңында сөмкеден ақшаны, телефонды алып, құжаттарды лақтырып кеткен. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері тез арада әрекет етіп, күдіктіні анықтап, 30 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.