Қырғыз билігі президенттік басқаруға көшуде

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров 28 қаңтарда қызметіне ресми түрде кіріскеннен кейін ел заңнамаларына сәйкес, 3 ақ­пан­да республиканың жаңа үкіметі жасақталды. Қолданыстағы Конс­титуция бойынша бұл іс Жоғарғы кеңестің құзыретінде. Жоғарғы кеңестің көп­шілік коалициясы парламенттегі «Ата-Жұрт» партиясының бас­тамасымен жасақталған жаңа үкіметтің құрамына, бағдарламасына келісіп, пре­зиденттің қол қоюына ұсынылған. 3 ақпанда президент Садыр Жапаров үкі­мет мүшелерін тағайындау жөнінде жарлықтарға қол қойды. Қырғыз Рес­публикасы премьер-министрлігіне Ұлықбек Марипов, бірінші премьер-ми­нистрлікке Артем Новиков бекітілді. Жаңа үкіметте бір ғана вице-пре­мьер-министр лауазымы бар. Оны Экономика және каржы министрі Ұлық­бек Қармышақов қоса атқарады.

Бұрынғы үкіметке қарағанда жаңа үкіметте мемлекеттік органдардың бір-біріне қосылуына байланысты үкімет мү­шелерінің саны 16-дан 12-ге қысқарды. Ел­дің көпшілігі үкімет мү­шелері прези­дент­тің қатысуымен Жоғарғы кеңес­те ант бер­ген күні әлеуметтік желіде Ұлық­бек Мари­повтың премьер-министр бол­ғанына жап­пай наразылық білдіре бас­тады. Олардың айтуынша, мұның алдында Есеп палатасын бес жыл басқарып келген ол – бұл қызметке лайық емес, сыбайлас жем­қорлыққа ма­лын­ған шенеуніктердің бірі.

Ош облысының Науқат ауданының тумасы Ұлықбек Марипов – әкесі, Жоғарғы кеңестің экс-депутаты  Асамидин Марипов екеуі Науқат ауданындағы үлкен қыз­меттердің жетекшіліктеріне өз адам­дарын, туысқан-жегжаттарын тағайын­да­тып, ауданды «меншіктеп» алған. Мұны сол күні үкімет үйінің алдына ереуілге шыққан оның жерлестері айтты. Бірақ бұған президент тіл қатқан жоқ. «Айтылған сөз, атыл­ған оқпен тең» деген мақал қырғызда да бар. Мемлекет басшысы жарлығын қай­тарып ала алмай, сабыр сақтап отырса ке­р­ек. Өйткені бірнеше айдан кейін жаңа Конс­титуция қабылданады. Соған сәйкес Жо­ғарғы кеңестің жаңа депутаттары сай­ла­нып, «Үкімет» мүшелері қайта тағайын­да­лады. «үкіметті» тырнақшаға алып отыр­ғанымыздың мәні бар. Референдумға қойы­латын жаңа Конституцияның жоба­сын­да «үкімет» деген сөз жоқ. «Министрлер кабинеті» деп аталатын жаңа «үкіметтің» төрағасын және мүшелерін Жоғарғы кеңестің мақұлдауымен Президенттің өзі тағайындайтын болады. Министрлер кабинеті Жоғарғы кеңеске есеп бермейді. Мемлекет басшысы атқарушы билікті (үкі­метті) өзі бақылайды. Президенттің әкім­ші­лігі қалып, үкіметтікі жойылады. Ми­нистрлер кабинеті (және төрағасы) бұрын­ғыдай Жоғарғы кеңеске емес, Президентке тәуелді. Барлық мемлекеттік органның, оның ішінде жергілікті биліктің басшы­ла­рын президент тағайындайды. Соттарды, бас прокурорды, Есеп палатасының мү­ше­лерін, Ұлттық банк төрағасын тағайындау Жоғарғы кеңеспен ақылдасып шешіледі.        Ұлықбек Мариповтың бірнеше айдан кейін­гі жаңа «үкіметтің» басшысы бола ал­майтыны белгілі болып қалды. Садыр Жа­паров елдің пікіріне құлақ салып отырғаны мәлім.

Жаңа үкіметтегі жаңалық екі ми­нистр­лікке әйел затының бар­ға­ны болды. 47 жастағы Әсел Чынбаева Әді­лет министрі, 49 жастағы Гүлмира Әбдра­лиева Транспорт, архитектура, құрылыс жә­не коммуникациялар министрі болып та­ғайындалды. Екеуі де өз салаларында әр­түрлі қызметтер атқарған.

Есеп палатасының төрағасы, премьер-министр болғанына байланысты бұл қыз­метке палатада бес жылдан бері аудитор бо­лып істеп жүрген, 42 жастағы ұлты қазақ Айжан Са­дыр­құлова тағайындалды. Әкесі – Медет Са­дырқұлов мемлекеттік қызмет­тер­де болған. Президент А.Ақаевтың және Қ.Ба­киевтің тұсында президент әкімшілігін басқарған. Бір-біріне кереғар адамдармен бірге ондай үлкен қызметті атқару –  білікті адамдардың ғана қолынан келетін іс. Қыр­ғыз Республикасындағы қандастарымыздан ең жоғары қызметте істегені де осы кісі бо­­латын. Ол өкінішке қарай, Бакиевтің
ке­­зінде қызметінен босатылып, бірнеше ай­дан кейін, 2009 жылғы 13 наурызда, 55 жа­сында кісі қолынан қаза тапты.

Өлкедегі қазан төңкерісінен кейін «дүрілдетіп» жұмыс істеген Эко­но­ми­ка­лық қылмыстарға қарсы күрес мемлекеттік қыз­метінің (Қаржы полициясының) төра­ғасы Сыймық Жапыкеев мекеменің Ішкі іс­тер министрлігіне өткеніне байланысты қыз­метінен босатылды. Бұған наразы бол­ған Жапыкеев өзіне қолдау көрсетуін сұрап ха­лыққа үндеу жасады. Еске салсақ, Жа­пы­кеев­тің тобы 6 қазан күні таңғы сағат 5-терде алғашқылардың бірі болып, пре­зидент және Жоғарғы кеңес жайғасқан ғи­маратты басып алған, ертеңіне Жапыкеев ел­дегі хаосты пайдаланып, бас прокура­тура­ға кіріп, өзін-өзі тағайындап, бас про­курор болған. Бірнеше күннен кейін Садыр Жа­паров премьер-министр болып та­ғайын­далғанда Сыймық Жапыкеевті («ре­волю­циялық еңбегін бағалап» – Н.Б.) қаржы по­­­лициясының төрағалығына бекіткен. Сый­мық Жапыкеев аталған қызметте пара ал­ды деген күдікпен айыпталу алдында тұр. Бұл іс сотта қаралуы мүмкін. Анық-қанығы сон­да білінеді.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

túrkistan-ның Қырғыз Республикасындағы тілшісі (Бішкек)

Back to top button