Мейірімділікке жету Тәуелсіздік жолын­да­ғы күрестен кем болмайды (ВИДЕО)

Мейірімділікке жету Тәуелсіздік жолын­да­ғы күрестен кем болмайды (ВИДЕО)

Мейірімділікке жету Тәуелсіздік жолын­да­ғы күрестен кем болмайды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Үзбен Құрманбайұлы – қаламгер. Қазақстан Ардагерлер кеңе­сінің мүшесі. Моңғолияның байланыс саласының еңбек сіңірген қайраткері. «Еңбек Қызыл Ту», «Алтын жұлдыз», «Парасат», «Отан» ордендері және әр жылдары мемлекеттік мерекелік медаль­дармен марапатталған. 2005 жылы зейнетке шыққан соң, тарихи Отаны атажұртқа қоныс аударған. Елге келгеннен кейін оқырмандарын мем­ле­кетшілдікке үндейтін бірқатар еңбек жазды. Кеше ғана «Мейірім­ді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі, оның пайдасы» деген тағы бір кітабын шығарған Үзбен Құрманбайұлымен жалпы мейірімділік феномені жайында аз-кем әңгімелескен едік. https://www.youtube.com/watch?v=sUAQqe5S9lc&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly – Әуелі өзіңізді қысқаша та­­ныстыра кетсеңіз? – Мен 1949 жылы Моңғолия­ның Баян-Өлгей аймағы Алтай сұ­мынында дүниеге келдім. Ма­ман­дығым инженер-экономист, тех­ника ғылымының магистрімін. Моң­ғолияның техника уни­вер­ситеті және партияның  жоғарғы мек­тебін тәмамдадым. 1969 жыл­дан Ұланбатыр қаласында слесарь, ме­ханик, кадр бөлімі бастығы, 1973 жылы Баян-Өлгей аймағында Коммуналдық және тұрмыс қа­жетін өтеу басқармасының орын­ба­сары, 1980 жылы Қалалық парт­ком хатшысы, 1982 жылы ай­мақ­тық Коммуналдық және тұрмыс қа­жетін өтеу басқармасының бас­шысы қызметін атқардым. Одан 1988 жылдан бастап аймақтық Бай­ланыс басқармасының бас­шы­сы қызметінде болып, зейнетке шық­­тым. Осынау еңбек жолында, әсі­ре­се қазір мақтанып айтар бір жайт ал­­ғаш рет Моңғол еліне 1998 жыл­дары сандық технология жүйесіне кө­шуге бастама көтердім. Мұны мен, әрине ауадан алған жоқпын. Бай­ланыс саласын басқарып тұр­ған кезімде Германия мен Жа­по­ния­ға арнайы барып, сол елдердің тә­жірибесін зерттедім. Елге барған соң әлемдегі соңғы озық техно­ло­гия жайында баяндама жасадым. Ал­ғашында менің бұл айтқаныма кө­бі сенбей, күлгендер де табылды. Бі­­рақ технология дамуы, заман ағы­­мы ақыр түбі соған алып келді. Осы еңбегім үшін 2005 жылы Моң­ғо­лия президенті жарлығымен Моңғолия  мемлекетінің байланыс саласына еңбек сіңірген қайраткер ата­ғын берді. – Қазақстан мен Баян-Өл­гей ай­мағы арасында байла­ныс орнатуға үлкен үлес қос­қа­ныңыз­ды білеміз, осы жайын­да айта кетсеңіз... – Баян-Өлгей аймағындағы қа­зақтарды атажұрт – Қазақстанға жа­қындату мақсатында тұңғыш рет екі ел арасында телефон және те­лег­раф байланысын орнаттық. Қа­зақстан мен Моңғолия шекара сы­зығы арасында 60 шақырымдай ға­на қашықтық бар. Бұрын ата­ларымыз қазіргі Ресей жеріндегі Рах­ман арасаны арқылы барып-ке­ліп тұрған еді. Екі ел бір-біріне тиіп тұрмаған соң телефон бай­ла­нысын Ресейдің Алтай өлкесі ар­қы­лы жалғадық. Ал сонымен қатар «Қа­зақстан»  ұлттық телеарнасын Баян-Өлгей аймағының терри­то­рия­сына тараттық. Одан кейін «Ха­бар», «Ел арна» екілді Қазақстан те­леарналары Баян-Өлгей ай­ма­ғын­­дағы қазақтардың көзайы­мы­на айналды. Одан бөлек, Алма­ты–Баян-Өлгей аралығына алғаш ұшақ ұшыруға және Баян-Өлгей ай­ма­ғынан әр жылдары 100 бал­а­ны шетелде тегін оқытуға атса­лыс­тым. Осындай тарихи оқиғалар мен басшылық қызмет атқарған жыл­дарда болғанын қазір мақта­нышпен еске аламын. – Елге оралған соң ұлттық идео­логияға және мемле­кет­шіл­дікке үндейтін бірқатар ең­бек жаздыңыз. – Атажұртқа келгеннен кейін Ел­басының қазақ тілін дамытуға бай­ланысты саясатын қолдау мақ­сатында «Қазақ тілін дамытуға жәр­дем беру» қоғамдық қорын құр­дық. Қазақ елінің өркеніне сеп­ті­гін тигізуге, қадірлі, үлгілі, бе­ре­ке-бірлікте болуға шақыратын «Та­­рихи Атажұрт» қоғамдық бір­лес­тігін құрып, қандастар мәсе­ле­сіне де өз үлесімді қостым. «Тарихи Ата­жұрт» қоғамдық бірлестігінің құ­рылтайын өткен жылдың қыр­күйек айында Нұр-Сұлтан қа­ла­сын­да өткізіп, қоғам  қайраткер­лері және зиялы қауым өкілдерін қа­тыстырып, біраз мәселені тал­қыладық. Талқылып қана қоймай, «Қа­зақ диаспорасы» туралы заң жо­басын жазып Парламентке ұсын­дық. 2004 жылы «Оралған бақыт, Орын­далған арман», 2013 жылы «Мәң­гілік Ел», 2016 жылы Тәуел­сіз­дігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуел­сіздік – тағдыр сыйы», 2018 жы­лы «Ақиқат, Елдік пен Ерлік» де­ген кітаптар жаздым. – Ал жаңадан жарық көрген «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қа­­жеттілігі, оның пайдасы» ат­ты еңбегіңіз несімен  ерек­ше­ленеді? – Қоғамдағы қатыгездіктен алып шығатын жалғыз ғана жол – мейірімді қоғам құру. Бұл кітап мейі­рімді қоғам құруға, мейірім­ділік­ті насихаттау арқылы қазақ елі алға қарай қарыштап дамуына үн­дейді. Мейірімділікке жетудің жо­лы Тәуелсіздікке жету жолын­да­ғы күрестен кем болмайды. Тәуел­сіз­дігіміздің жалғасы ретінде ха­лықты бақыт пен байлыққа бөлеп, «қой үстіне бозторғай жұмыртқа­ла­ған» заманға жету – «су басынан тұ­нады» дегендей, ел бастаған лауа­­­­зымды басшылардың қолында тұр. Бұл мақсатқа жетудің жалғыз ғана жолы – ел Президенті және хал­қымыз бірге, біртұтас болуы ар­қылы жүзеге асады. Мейірімділік заң­дылығын адамзат баласы бүгін­ге дейін толық танып, жараты­лыс­тың нақты қайнар бұлағы екеніне көз жеткізе алмай келеді, жеткізгісі кел­генімен оған мүмкіндік бол­ма­ды. Қоғам қазіргі ахуалды әріден аң­дап, алаңдап отыр. Көрші елдер­де жиі болып жатқан бейберекет­сіз­дік біздің қоғамға әсер етіп, қа­зір сөз тыңдайтын адам азайып ба­­­рады. Оның салдарынан анар­хизм белгілері байқалып отыр. Мұ­ның түбі немен тынары да бел­гісіз. Сол үшін тәуелсіздікті сақ­тап қалу үшін ертерек қарекетке кө­шуіміз керек. – Сөйтіп, қоғам қандай қа­ре­кет етуі керек? – Ең бірінші халықты келісімге ша­қыру қажет. Одан кейін арасы алшақтап бара жатқан халық пен би­ліктің байланысын нығайту. Ол үшін адамдардың әл-ауқатын кө­теру – «атасында көрмегенді бо­та­сын­да көретіндей» қолдау жасау ке­рек. Оған еліміздің әлеуеті же­те­ді, тек мейірімділік жетіспей отыр. – Бұл ұсынысыңызды мем­ле­кет қолдай ма? – Әрине, қолдайды. Бұл менің ға­на идеям емес. Кезінде Елба­сы­ның өзі бастап Конституцияға аза­маттық қоғам құруды енгізді. Со­нымен қатар Президент Қасым-Жо­март Тоқаев мемлекетшіл болу­ға байланысты қаншама бастама кө­теріп жүр. Осындай халыққа жайлы, жағымды ұсыныстарды жү­зеге асыру жолдарын мемле­кет­тік органдар әлдеқашан істеуге тиіс еді. Бірақ бас шұлғығанымен, іс­керлік таныта алмай отыр. – Жаңа жазылған еңбегіңіз­де қазіргі қоғамның беталы­сы­на қандай баға берілді? – Кеңестік қоғамның да жақсы жақ­тары болды. Ол кезде басты идео­логия, үгіт-насихат жұмысы пәр­­менді жүрді. Тәрбие жақсы бол­ды. Адамдар адамгершіліктен шық­қан жоқ. Біз Тәуелсіздік алған соң соған мастанып, тәлім-тәрбие, ұлт­тық идеологияның тізгінін бо­сатып жібердік. Сонының салда­ры­нан еркіндікке үйренген ха­лыққа қандай ізгі үгіт-насихат айт­саң да қабылдамайтын күйге жет­ті. Тек сенсация туғызған, пәле-жа­ланы қаптатқан әңгіме, өсек-аяң естісек есіміз ауып, соны тың­дай­тын, соған еліктейтін болдық. Қан­дай өкінішті. – Әлемнің дамыған елдері ұста­нып отырған демократия құн­дылығына бұл ойыңыз қай­шы келмей ме? – Кешегі социализм, ком­му­низм, бүгінгі капитализм заңды­лы­ғының бәрі қолдан жасалған. Ал­пауыт елдер ұсақ елдерді өз­де­рі­нен асырмау үшін әдейі жасаған геосаяси жүйе. Ұсақ мемлекет­тер­дің халқын бір-бірімен алыс­ты­рып-жұлыстырып, ішінен ірітіп, күш-қуатын әлсірету үшін қаса­қа­на жасалған үрдіс. Мұндай заң­ды­лық­тың алда талайы шығады. Ал­дау-арбау, арсыздыққа бастау, л­ыпасыз тыржалаңаштау арқылы адам­дарды хайуанмен бірдей ету сияқ­ты зұлымдық түрлері зама­на­қырға дейін жалғаса бермек. Сон­дық­тан қазақ халқы өзгеге қарап, өз­генің айтқанымен емес, өз ақы­лымен, өз ойламымен жүретін мейі­рімділік жолын таңдаса ұтыл­майды. – Сіз қазақты Құдай ерекше мейірімді етіп жаратқан деп­сіз. Адам деген бірдей жараты­лыс емес пе? – Мен әлемнің біраз елінде бол­­дым. Көптеген ұлттың мейір­бан пейілін  көрдім. Әсіресе, жапон хал­қының мейірімділігі ерекше. Кө­шеде кездескен адамды жат де­мей, танымаса да күліп қарсы ала­ды. Бейбітшіліксүйгіштігімен, хал­қының бақуатты, ынтымақты тір­лігімен әлем елдеріне үлгі бо­лып отырған Дания, Швеция, Швей­­цария сияқты елдерді алайық. Олар әлемге асып-тасыған эк­о­­номикасымен, ғылым тех­ни­ка­ның жетістігімен ғана емес, адам­да­рының береке-бірлігімен, мейі­рім­ділігімен де үлгі болып отыр. Бір-біріне жоқ деп көрмеген, көш­­­кен ағайынның алдынан ай­ра­нын ала жүгірген, қонақ келсе, қойын сойып күткен, той-тілеуіне тү­бі бір туған-туысты түгел ша­қыр­­ған, бір шәйнек шайын көр­ші­сімен бөлісіп ішуді берекенің басы санаған ақ көңіл қазағымның асыл қасиеті бұл күндері көмескі тарт­қа­ны рас. Осы қасиеттерімізді қай­та тірілтіп, «кеткенін келтіріп, кем­тігін толтырып», мейірімді қо­ғам құруға шақырамын!

Сюжетті жасаған: Нұржан Тұрғымбай