Соңғы 20 жылда болмаған: Сұрапыл боран 70 мың үйді жарықсыз қалдырды

Соңғы 20 жылда болмаған: Сұрапыл боран 70 мың үйді жарықсыз қалдырды

Соңғы 20 жылда болмаған: Сұрапыл боран 70 мың үйді жарықсыз қалдырды
ашық дереккөзі
Грекияда қатты боран салдарынан 70 мың үй жарықсыз қалды. Ел билігі әзірге 40 мың ғимараттың электр желісін қайта жалғаған. Коммуналдық қызмет мамандары аяз бен үскірікке қарамастан қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Әсіресе Афинаның солтүстік аудандары қатты зардап шекті. Ресми дерек бойынша ел астанасында 800-ден астам ағаш опырылып түскен. Салдарынан электр тоғына ғана емес, сондай-ақ су құбырларына да зақым келді. Кейбір жерде омбы қардың қалыңдығы 1 метрден асып, үйлер мен көліктерді басып қалды. Құтқару қызметіне бір күннің ішінде 2 мыңнан астам тұрғын қоңырау шалып, шұғыл көмек сұраған. Қолайсыз ауа райының салдарын жоюға әскерилер де тартылды. Грекия билігінің айтуынша, мұндай боран соңғы 20 жылда болмаған.