11-қабаттан құлаған 15 жастағы қыз аман қалды

11-қабаттан құлаған 15 жастағы қыз аман қалды

11-қабаттан құлаған 15 жастағы қыз аман қалды
ашық дереккөзі
Мәскеуде 15 жастағы қыз 11-қабаттағы пәтер терезесінен құлап, аман қалды. Қыз омбы қарға құлағанның арқасында тірі қалған. Бұл туралы құқыққорғау органы өкілдеріне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  Агенттік дерегінше, оқиға Новопеределкинский көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Қыз түрлі жарақаттар алған, сондай-ақ миы шайқалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Тергеугілер осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізуге кірісті.