Маймылдар жаңа туған сәбиді ұрлап кетіп, өлтіріп қойды

Маймылдар жаңа туған сәбиді ұрлап кетіп, өлтіріп қойды

Маймылдар жаңа туған сәбиді ұрлап кетіп, өлтіріп қойды
ашық дереккөзі
Үндістанда маймылдар үйдің шатырынан қиратып кіріп, егіз сәбилердің бірін ұрлап кеткен. Оқиға нәрестелердің анасы дәретханаға кірген кезде болған. Бұл туралы The Times of India басылымына сілтеме жасап ren.tv хабарлады.  Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға Танджавур қаласында болған. Жаңа туған егіз сәбилер аз уақытқа қараусыз қалған. Жабайы маймылдар үйдің шатырын қиратып, ішке кіріп, балаларды алып кетпек болған. Анасы жануарлардың қолынан бір баланы алып үлгерген. Ал екінші сәбиді маймылдар ұрлап кеткен. Іздеу жұмыстарына бірнеше адам атсалысқанымен, ұрланған баланы құтқару мүмкін болмады. Туғанына небәрі сегіз күн болған қыз баланың денесі су арығының маңынан табылған. Оқиға орнында орман шаруашылығы департаментінің өкілдері жұмыс істеуде.  Қызметкерлер сәбиді өлтірген маймылдарды ұстамақ.