Қалта ұрлығын кәсіп еткен елордалық екі бойжеткен ұсталды

Қалта ұрлығын кәсіп еткен елордалық екі бойжеткен ұсталды

Қалта ұрлығын кәсіп еткен елордалық екі бойжеткен ұсталды
ашық дереккөзі
Петропавлдың тәртіп сақшылары жұрттың қалтасындағы ақшасын ұрлаған Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынын ұстады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, желтоқсан айында Петропавлдағы сауда нысандарының аумағында бірден екі қалта ұрлығы жасалған. Белгісіз біреулер сатып алушыларды «шеберлікпен» тонап, әйелдердің 15 мың және 50 мың теңгесін, құжаттары мен банк картасын алып кеткен. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілді. Полицейлер жедел тергеу барысында екі қалта ұрлығына қатысты күдіктілерді анықтады. 21 және 25 жастағы екі бойжеткен қаланы аралап, жұрттың қалтасын қағуды кәсіп еткен екен. Екеуі де осындай қылмыс үшін бұған дейін сотталған. Петропавл полицейлері астанаға келіп, екі күдіктіні ұстады. «Екеуі де келтірілген шығынның орнын толтыруға әзір және айтуынша, істеген істеріне өкінеді. Соңғы кезде қалта ұрлығы ұмытылып барады. Оған бейнекамераларды көбейту себеп. Сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар да нәтижесін беріп жатыр. Былтыр 12 қалта ұрлығы тіркелген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 33 %-ға төмен», - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.