Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өте ме?

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өте ме?

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өте ме?
ашық дереккөзі
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды! Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойы жақын қалды. Осыған орай, Сенат депутаттары еліміздің премьер-министріне Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, сондай-ақ іс-шаралар бағдарламасын терең идеялық мазмұнмен байыту туралы ұсыныстар жолдады. «Біз Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, оған елордада және өзі қызмет еткен Қызылорда, Семей, Алматы қалаларында ескерткіштер қою қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, Сізден Қостанай облысы әкімдігінің алдына Ахмет Байтұрсынұлының ауылын абаттандыру, оған апаратын жолдарды жөндеу туралы тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Алтынбек Нухұлы. Сенаторлар сонымен қатар Ұлт ұстазына арнап деректі және көркем фильмдерді көбірек түсіру туралы ұсыныс айтты. Депутат сауалын наурыз айына жоспарланған «Ұлт құндылықтарын сақтау мен нығайту – тәуелсіз елдің кемел болашағы» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауларға дайындық барысында Алтынбек Нухұлы, Нұрлан Әбдіров, және өзге де сенаторлар жолдады