Хоккей: бүгін «Барыс» – «Автомобилист» командалары кездеседі

Хоккей: бүгін «Барыс» – «Автомобилист» командалары кездеседі

Хоккей: бүгін «Барыс» – «Автомобилист» командалары кездеседі
ашық дереккөзі
Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 18 ақпанда елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен кездеседі. Ойын астана уақытымен сағат 19.30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін биылғы турнирде үш мәрте кездесті. 2020 жылдың 7 қазанында Ресейде өткен ойында «Автомобилист» 3:2 есебімен cүріндірсе, одан кейін биыл 8 қаңтарда «Барыс» сол есеппен жеңіп кетті. Ал 2 ақпанда елордада ресейлік клуб дәл сол есеппен басым түсті. Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында олар екі-екіден жеңіске жетті. Екі команда бұған дейін 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 28-де «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Автомобилисттің» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 135 шайба соқса, өз қақпасына 112 гол жіберіп алды. «Барыс» соңғы 10 кездесудің 5-уінде басымдық танытты. Турнир кестесінде 55 ойыннан кейін 64 ұпаймен 13-орында келеді. Ал «Автомобилист» соңғы 10 ойында 6 рет жеңілді. Турнир кестесінде 55 ойыннан кейін 64 ұпай жинап, 12-орында тұр. Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» бұдан бұрын овертаймда «Авангардты» жеңді.