Коронавирус: «қызыл» аймақта бір облыс қалды

Денсаулық сақтау министрлігі 18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта – Павлодар облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі – «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Back to top button