Елімізде ауа райы күрт суытады – Қазгидромет

Елімізде ауа райы күрт суытады – Қазгидромет

Елімізде ауа райы күрт суытады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 18-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік Каспий циклонының өтуімен байланысты жаңбыр мен қар жауады, солтүстік және батыс аудандарда жауын-шашын мол көлемде түседі. Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерінде тұман түсіп көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын болады. Ақмола облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерінде 23-28 м/с болады. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. Сондай-ақ кей жерлерді тұман түсіп, бұрқасын болады. Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с, Қарағанды облысында күндіз екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, екпіні 27 м/с болады.