38 елдімекенді су басу қаупі бар

38 елдімекенді су басу қаупі бар

38 елдімекенді су басу қаупі бар
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында көктемде 38 елдімекенді су басу қаупі бар. Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Жамбыл облысындағы елдімекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі бар. Сондай-ақ, тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, өңірде көктемгі мезгілде су басуы мүмкін 38 елдімекен бар екен. Олар су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен және тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ.