Шыңжаңдағы қуғын-сүргін: Байден Қытайды жазалауға уәде берді

Шыңжаңдағы қуғын-сүргін: Байден Қытайды жазалауға уәде берді

Шыңжаңдағы қуғын-сүргін: Байден Қытайды жазалауға уәде берді
ашық дереккөзі
Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалау жөніндегі Қытай саясаты үшін Пекинге "шара қолданылады". Бұл туралы Висконсин штатындағы сайлаушылармен кездесуінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді. 
"Қытайға шара қолданылады, ол бұны біледі", - деді Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинді меңзеп. Си Цзиньпин Шыңжаңдағы ислам дінін ұстанатын түрлі ұлт өкілдерін "қайта тәрбиелеу лагерлеріне" мәжбүрлеп жібергені үшін әлемдік қауымдастықтың сынына ұшырады. Пекин жабық мекемелерді "кәсіби дайындық орталықтары" деп атап, онда адамдарға радикал идеялардан арылуға көмектеседі деуден танбай отыр. "Қытай әлем лидері болуға талпынып-ақ жатыр. Мұндай мәртебеге жету үшін ол басқа да елдердің сенімінен шығуы тиіс. Адамның басты құқықтарын бұзатын әрекеттерінен бас тартпаса, мұндай мақсатқа жету қиын болады", - дейді АҚШ көшбасшысы. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Байден Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Гонконгтағы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАА) және Тайваньдағы жағдайға алаңдаушылығын жеткізген болатын.