ҚазҰУ-дың жер телімдері сатылатыны рас па – Алматы әкімі жауап берді
ҚазҰУ-дың жер телімдері сатылатыны рас па – Алматы әкімі жауап берді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде ҚазҰУ-ға тиесілі жер телімдерінің сатылатыны жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Университет жерлері жеке меншікке берілмейді. Егер университет жер бергісі келсе, онда ЖОО басшылығы әкімдікке бұл аумақ қажет емес деген ұсыныспен жүгінуі керек. Қазір университетке жаңа ректор тағайындалды. Біз онымен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Оның айтуынша, университетті дамыту керек, жерді жеке меншікке беру мүмкін емес, бұл дұрыс емес. Бүгінгі күнге дейін оқу орнына тиесі жерді сату туралы әңгіме болған емес", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы әкімі "Алтын Орда" базары маңындағы жол айрығы құрылысының ұзаққа созылу себебін түсіндірген болатын.
Бақытжан Сағынтаев аталған базар аумағы қалаға жатпайтынын, Алматы облысының жері екенін айтты. Жол айрығының құрылысы әкімдіктің емес, министрліктің құзыретінде дейді әкім.