Қазақстанда алдағы күндері -33 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» синоптиктері 18-20 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады.

18-19 ақпан күндері Қазақстандағы ауа райына Оңтүстік Каспий циклоны әсер етеді. Еліміздің солтүстік бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, бұрқасын болады. 19 ақпаннан бастап Қазақстанның көп бөлігінде антициклонның әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Солтүстікте түнгі уақытта ауа температурасы 15-33 градусқа дейін төмендейді, ал оңтүстікте 0,+5℃, кей жерлерде 10-15℃ суықты көрсетеді. Республиканың жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Back to top button