Ғалымдар кофені көп ішетін адамдардың миынан елеулі өзгерісті анықтады
Ғалымдар кофені көп ішетін адамдардың миынан елеулі өзгерісті анықтады
Базель университетінің ғалымдары кофеинді тұрақты тұтыну мидың сұр затын өзгертетінін анықтады, бірақ бұл әсер уақытша болып қала береді. Бұл туралы Cerebral Cortex журналында жарияланған мақалада айтылған.
Зерттеуге күн сайын кофе ішетін 20 сау адамнан тұратын топ қатысқан. Тәжірибе жасаушылар оларға 10 күндік екі кезең бойы кофеин таблеткаларын (немесе плацебо) берді. Әр кезеңнің соңында миды сканерлеу арқылы ондағы сұр заттың көлемі бағаланды, сонымен қатар ЭЭГ көмегімен ұйқының сапасы анықталды.
Екі топта да ұйқы бірдей болғанына қарамастан, плацебо қабылдаған қатысушылар үшін мидың сұр затының мөлшері кофеин ішетіндерге қарағанда жоғары болды. Кофеин сұр заттың көлемін азайтқанымен, кофеден бас тартқан 10 күн ішінде тәжірибеге қатысушылардың ми тіндері қалпына келді.
Ғалымдар жұмыс нәтижелері кофенің миға зиянды әсерін көрсетпейтінін айтады, бірақ кофе әуесқойларының танымдық қабілеттеріндегі ықтимал өзгерістерді зерттеу үшін қосымша зерттеулер қажет.