«Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

«Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

«Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды
ашық дереккөзі
Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. «Биыл 16 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процесстік кодекстің 128-бабына сәйкес «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновты ұстады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды», – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдар аралығында «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.