Сот үкімі: «OLIMP KZ» букмекер кеңсесінің мүлкі тәркіленді

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, сот актісімен 3,6 млрд теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік тәркіленді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

«Алмалы аудандық соты 2021 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекер қызметі арқылы заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтініш хатын қанағаттандырды», – деп хабарлады ведостводан.

Back to top button