Түркістан маңындағы ескерткіштердің ашылмаған құпиясы
Түркістан маңындағы ескерткіштердің ашылмаған құпиясы
«Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой», – деп Мағжан ақын жырлаған Түркістан табиғатының сыры да сыйы да мол. Түркістан қаласын түркі халықтары екінші Мекке санайды. 2019 жылы Түркістан облысы болып қайта құрылған оңтүстік өңірде тарихи-мәдени мұралар өте көп. Тарихы тереңге жайылған мекеннің туристерді тартатын тұмса табиғаты мен көпшілікті қызықтыратын ескерткіштері жетерлік.
[caption id="attachment_139240" align="alignnone" width="1024"] Қожа Ахмет Ясауи кесенесі[/caption]
Түркістан десе еске түсетін негізгі орын – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Көне түркі ақыны, бүкіл Шығыс жұртына аты мәлім Қожа Ахмет Ясауидың бейіті басына салынған ғимарат бертін келе адамдардың зиярат ететін орнына айналды. Бүгінге дейін сәнін жоғалтпаған, сәулетін сақтаған кесенеге келушілердің саны ешқашан толастаған емес. Аты әйгілі Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесенеге діни ғұламалар, хан-сұлтандар жерленген. Кесене үлкенді-кішілі 35 бөлмеден тұрады.
[caption id="attachment_139243" align="alignnone" width="946"] Нұқ пайғамбардың кемесі[/caption]
«Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?»... Бұл кеме туралы, осы орын туралы көпшілік жақсы білсе керек. Киелі Қазығұрт тауында кезінде жер бетін түгел су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тұрақтаған деседі. Үлкен тау болмаса да, бетін су баспаған орынның сыры көпшілікке әлі күнге жұмбақ. Жалпы, Қазығұрт жері сырын ашпаған, ғажайыпқа тұнған киелі өлке болып саналады.
Түркістан қаласынан бар-жоғы 60 шақырымдай жерде орналасқан тағы бір жұмбағы көп орынның бірі – Үкаш ата кесенесі. Аңыз бойынша Үкаш сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген көрінеді. Біздің даламызға алғаш Ислам дінін әкелген деген деректер бар. Кесененің жанында құдық орналасқан. Бір қызығы, бұл құдық шелегін тастаған адамдарға су береді. Кей адамдардың шелегін қанша тастаса да, бос қайтаратын көрінеді. Бұл осы адамның ниеті мен пейілі, жасаған күнәларына байланысты болады деп жатады.
[caption id="attachment_139247" align="alignnone" width="686"]