Жаңалықтар

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

ашық дереккөзі

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Бүгін 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.  Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман қызметін атқарған.