Алматыда борышкерлердің акциясы өтті

Алматыда борышкерлердің акциясы өтті

Алматыда борышкерлердің акциясы өтті
ашық дереккөзі
Алматыда ипотекалық несие алып, өтей алмай жүрген бір топ азаматтар банкпен келісімдерін қайта қарауды талап етеді. Акцияға қатысушы ондаған адам алдымен Қазыбек би мен Панфилов көшелерінің қиылысындағы АТФ банкке барды.
Жиналғандар несие ставкасын бір пайызға дейін түсіріп, бес жылға дейін "баламалы" төлем кестесін ұсынуды сұрайды. "Халыққа баспананы қалдырайық" қоғамдық бірлестіктің белсендісі Сұлубике Жақсылықова АТФ банк алдында өткізген шерулерінен кейін, банк өкілдерімен 13 борышкер арасында алдын ала келісімге қол жеткізгендерін айтады. Бірақ акцияға қатысушылар ішінде өзге банктің де борышкерлері бар. Енді олар Гоголь мен Желтоқсан көшелерінің бойында орналасқан "БТА-Ипотека" компаниясының ғимаратының алдына баруды көздеп отыр. Ипотеканы қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға республика қазынасынан 130 млрд теңге бөлінген. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстанның Ұлттық банкі қайта қаржыландыру бағдарламасын жылдың соңына дейін созған.