СҚО-да сібір елігін атып алған азамат ұсталды

СҚО-да сібір елігін атып алған азамат ұсталды

СҚО-да сібір елігін атып алған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының табиғатты қорғау полицейлері рейд барысында ауыл тұрғынының үйінің маңынан атып алған сібір елігінің етін тапты. СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, табиғатты қорғау полицейлері мен жергілікті тәртіп сақшылары Жамбыл ауданында рейд жүргізіп, ауылдардың бірінде үй жанынан сойылған сібір елігін тапты. Аңның терісінде оқ іздері болған. Заңсыз аң аулады деген күдікпен ауданның 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Еліктің еті, қарда жүретін «Рысь» транспорты , «ИЖ-43Е» және «ТОЗ-87» аңшылық мылтықтары, оқ-дәрі және аң аулауға қажет басқа да заттар тәркіленді. Күдіктінің жанында ауылдың екі тұрғыны болған. Қазіргі уақытта олардың қылмысқа қатыстылығы және істің мән-жайы анықталып жатыр. Ұсталған ер адамға міндетті түрде бұлтартпау шарасы қолданылды. «Табиғатты қорғау полициясы орман және аңшылық шаруашылықтардың өкілдерімен бірге үнемі рейдтер өткізіп тұрады. Жыл басынан балық аулау тәртібін бұзудың 37 дерегі және аң аулау тәртібін бұзудың 122 фактісі анықталды. Полицияның негізгі бағыттарының бірі – табиғат ресурстарын браконьерлік жолмен пайдалануға қарсы тұру», – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев. Бұл – заңсыз аң атуға қатысты СҚО-дағы биылдыққа алғашқы дерек.