Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарады

ашық дереккөзі

Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарады

Әлеуметтік желіде қазақ эстрадасының әншісі Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы мәлімет тарап, қызу талқы басталды. Nege.kz сайтының мәліметінше, өнер иесінің көптен жасырып жүрген жолдасы – «Теңге ілу» федерациясының басшысы Қуаныш Құрашев. Желі қолданушыларының мұндай болжамына әншінің өзі жариялаған фотосы мен онда қалдырған жазбасы себеп болған. Әнші instagram парақшасында әріптесі Мұхтар Ханзадамен түскен суретін жариялап, оған: «Менің қожайыным – Қуанышымды Ишан қайнымның парақшасынан көріп аларсыздар», – деп жазба қалдырған.