ПТР-анықтамасы болмаған 269 шетелдік шекарадан өткізілмеді

ПТР-анықтамасы болмаған 269 шетелдік шекарадан өткізілмеді

ПТР-анықтамасы болмаған 269 шетелдік шекарадан өткізілмеді
ашық дереккөзі
Атырау облысындағы мемлекеттік шекарадан өтпек болған 269 шетелдік ПТР-анықтамасыз елге кіргізілмеді. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сүйенсек, Атырау облысында «Атырау – РФ Астрахан» мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы» автоөткелі арқылы азаматтардың келуіне мониторинг күн сайын жүргізіліп келеді. Мәселен, тек соңғы тәулікте (15.02.2021 жыл) облыс аумағына мемлекеттік шекара арқылы 180 адам, оның ішінде 7 жолаушы және 173 халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізуші өткен. Оның ішінде 3 адамда COVID-19-ға анықтама болмаған. Олар карантиндік стационарға орналастырылды. «Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Атырау облысына 23 082 адам, оның ішінде 3 366 жаяу жолаушы, 19 716 жүргізуші келді. ПТР-анықтамасыз келген 269 шетел азаматына ел аумағына өтуіне тыйым салынды. Онымен қоса, анықтамасыз келген Қазақстанның 2 494 азаматына COVID-19-ға ПТР-тестілеу жүргізіліп, талдау нәтижесінде коронавирустың шеттен әкелінген 9 жағдайы (6 жүргізуші, 3 жолаушы) анықталды», – делінген ақпаратта.