Мемлекет басшысы бейбіт жиындар өткізуге қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы бейбіт жиындар өткізуге қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы бейбіт жиындар өткізуге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте бейбіт жиындар өткізу туралы айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды. «Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген. Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті. Азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте сөйлеген сөзінде.