14 жастағы дзюдошыны чемпионатта бірінші орын алғаны үшін өлімші етіп сабаған

Түркіменстанда 14 жастағы дзюдошы Сулейман Турсунбаевты чемпионатта бірінші орын алғаны үшін өлімші етіп сабаған, деп хабарлайды Turkmen.news.

Бахерден қаласында өткен сайыстың финалына дейін сүрінбей жеткен жас дзюдошыдан ақтық сында қарсыласы Түркіменстан Ішкі істер министрлігіне қарасты академияның курсантынан жеңілуін сұраған. Алайда, Сулейман бұған келіспей, курсантты жеңіп, алтын жүлдені иеленген.

Сайыс аяқталған бойда бейтаныс адамдар дзюдошының бапкерін соққыға жыққан, ал жеңімпаз атанған Сулейманды қала сыртына қарай алып кеткен.

suleyman tursunbayev

«Ұлымызды бір топ адам өлімші етіп сабаған, денесіне қол тигізу мүмкін емес болды, себебі ол бүкіл денесі ауыратынын айтты. Сабаған адамдар оның бауырына зақым келтірген және бас сүйегі жарылған», – деді Тұрсынбаевтың ата-анасы.

Белгілі болғандай, жас дзюдошы ауруханаға жатқызылғаннан кейін бірнеше күннен соң қайтыс болған.

Back to top button