Карантин: Семейде саунада демалған полицейлер қызметінен босатылды

Карантин: Семейде саунада демалған полицейлер қызметінен босатылды

Карантин: Семейде саунада демалған полицейлер қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
Семей қаласында карантин талаптарына қарамастан саунада демалған полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды. ШҚО Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы 29 қаңтарда Семей қалалық ПБ орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.Сұңғатовтың учаскелік полиция инспекторларымен бірге монша кешеніне бару фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Нәтижесінде қызметтік тәртіп бұзушылық жасаған Р.Сұңғатов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Ал учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Сонымен қатар өз міндетін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін Семей қалалық ПБ орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғалары жұмыстан шығарылды. Монша кешенінде болған полиция қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті материалдар жолданды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.