Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын теміржол құрылысы талқылануда

Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын теміржол құрылысы талқылануда

Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын теміржол құрылысы талқылануда
ашық дереккөзі
ҚР Инсдустрия және инфрақұрылымдық даму миинистрлігі делегациясының Өзбекстанға сапары аясында екі ел арасындағы серіктестікті нығайту бағытты талқыланды, – деп жазды ҚазАқпарат. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Берік Камалиев пен Өзбекстан Көлік министрінің міндетін атқарушы Илхом Махкамов келіссөз жүргізіп, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы пікірлерімен бөлісті. Оның ішінде, жүрдек пойыздарға арналған Түркістан – Шымкент – Ташкент бағытындағы теміржол құрылысын жүзеге асыру мен жаңа Мақтаарал – Дарбаза теміржол желісін салу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі ел арасындағы бұрыннан бар әуе рейстерін көбейтіп, жаңа бағыттар қосу мәселесі қарастырылды. Оның ішінде Қазақстаннан Самарқан мен Үргенішке және және одан қайтатын тұрақты рейстерді жасау жоспары бар. Сонымен қатар, тараптар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, теміржол маршруттарын қайта жандандыру мәселесін талқылады.