Жаңалықтар

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Жол картасы аясында 60 инвестициялық жоба іске асады

ашық дереккөзі

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Жол картасы аясында 60 инвестициялық жоба іске асады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы таныстырылды.

Партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Жол картасы «Nur Otan» облыстық фракциясының отырысында қаралды.

«Бүгін тұрғындар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы қажетті ресурстармен нығайтылды. Құжатта нақты бағыттар, салалар мен нысандар көрсетілген», – деп атап өтті партияның облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Отырыс барысында депутаттық фракцияның жетекшісі, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Жол картасы өңірде ірі жобаларды жүзеге асыруды көздейтінін атап өтті.

Өнеркәсіп саласында шыны өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысы саласында өңірде 12 мың пәтерлік 360 тұрғын үй салынады, «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы аяқталады және «Достық», «Затонский» шағын аудандарының құрылысы басталады.

Бұдан басқа, алдағы бес жылда облыста гибридті операция жасау бөлмелерін ашу, кардио және нейрохирургиялық қызметтерді кеңейту және инфекциялық бөлімшенің жаңа корпусын салу жоспарлануда. Осы және басқа да нақты жобалар Жол картасына енгізілген.