Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына тексеріс жүргізеді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына тексеріс жүргізеді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына тексеріс жүргізеді
ашық дереккөзі
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекция бастады. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасы таратқан хабарламасында: «Әуе компаниясының ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», – делінген. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэдидің айтуынша, әуе арқылы қызмет көрсететін компаниялар жылына кем дегенде бір рет тексеріледі. Qazaq Air әуе компаниясын тексеруге 10 маманнан тұратын инспекциялық комиссия жолданады. Алайда бұл тексерістің өткен сенбідегі Qazaq Air компаниясының ұшақтарына қатысты оқиғаларға қатысы жоқ.